Жағалауда жүзетін 100 «СҰҢҚАР» жобасының шекаралық катері әуе тетігінде, суатқыш қозғалғышымен, өзендерде, көлдерде және теңіздердің жағалау аумақтарында шоруылдау қызметін жүргізуге арналған. Алюминді қоспадан жасалған, жоғарғы жүріс жылдамдығы және жақсы теңізде жүру қабілеті бар. Заманауи навигациялық және штурмандық жабдықтармен қамтылған; катердің жеке құрамына арналған қажетті бөлмелер қарастырылған.
Катер заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ – Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.
- Үзындығы, м. - 14,2
- Жалпақтығы, м. - 3,6
- Шөгуі, м. - 0,65
- Су ығыстырғыштығы, т. - 13
- Теңізде жүруі, балл - 3
- Жылдамдығы, түйін - 32-36
- Экипаж, адам - 3
- Жолаушы сыйғыштығы ең көп, адам - 8
100 «Сұңқар» жобасының катерлері 1995 жылдан бастап 2006 жылға дейін жасалынған.
100 «СҰҢҚАР» жобасының барлық катерлерінде жаңарту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта олар Каспий теңізінде пайдаланылуда. Нормалармен бекітілген мерзімде оларға техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаның катерлерінің орнына 2009 жылдан бастап «FC-19» жобасының 27 тоннаға дейінгі жоғарғы жылдамдықтағы катерлері жасалуда.